Түркменстанда салынған екпеден балалар ауыруда. Бұл туралы chrono-tm.org-қа сілтеме жасап, abctv.kz хабарлайды.
Түркменстанда мамыр айының ортасында вирустың төрт түрінен қорғайтын "Гардасил" препараты 9 жастан асқан жасөспірімдерге салынған болатын. Екпе салынған балалардың тең жартысынан көбіннің дене қызуы 38 градусқа жетіп, құсқан. Естен танғандары да бар. Екпені жақсы көтерген балалардың ата-аналары да уайымдауда.
Осы оқиғаға байланысты ата-аналар жоғарғы органдарға Түркменстандағы екпе сапасының жоқтығына байланысты шағымданып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу