Түркменстанда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болған - БАҚ

450

Түрікмендік Бақ-тың хабарлауынша, Ашхабадта бәз біреулер қарулы мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған, деп жазады inbusiness.kz.  

Түркменстанда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болған - БАҚ Фото: wikimedia

Маусым айында Түркменстанның арнайы қызметтері қарулы төңкеріс әрекетін тоқтатып, 20 түрікменді ұстады, деп жазады inbusiness.kz Turkmen.news-ке сілтеме жасай отырып.

Ұсталғандар қазір қамауда. Басылымның хабарлауынша, қастандық жасаушылар арасында ауыл шаруашылығының экс-министрі Пайзыгелді Мередовтың ұлы – Батыр Мередов болған. Басылым ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Ходжатовтың ұсталғаны туралы да хабарлады.

Дереккөздердің хабарлауынша, елде қарулы қастандық туралы ақпаратты таратпау мақсатында интернет бұғатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу