Түрікменстанда SIM-карта сату тоқтады

219

Жауапты компания SIM-карта санын арттыруға техникалық мүмкіндік жоқ деп отыр.

Түрікменстанда SIM-карта сату тоқтады Фото: Pixabay.com

Түрікменстандағы жалғыз ұялы байланыс операторы жаңа SIM-карталардың сатылымын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Радио Азатлык" басылымына сілтеме жасап.

"Компания қызметкерлері төлқұжат алған 16 жастағы азаматтарға SIM-карта сатудан бас тартып отыр, олар бос телефон нөмірлері жоқ екенін алға тартты", - деді Ашхабад қаласының тұрғыны. 

TMCell сауда белгісі бойынша жұмыс істейтін "Алтын Асыр" компаниясы жаңа SIM-карталар санын арттыруға техникалық мүмкіндіктері жоқ екенін мәлімдеді.

"Алтын Асыр" сайтында осы жайтқа қатысты түсініктеме берілмеген.  

Ресурстың жазуынша, Түрікменстанның ұялы байланыс жүйесінде монополия қалыптасқан.  Былтырғы көктемде елде SIM-карталарды сату бойынша шектеулер болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу