Туркомпаниялар шетелдіктердің елде визасыз жүру мерзімін ұзартуды сұрады

569

Туркомпаниялар шетелдіктердің елде визасыз жүру мерзімін ұзартуды сұрады

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Астанаға қызыға келетін елдерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен жазда Астана ресейлік туристер арасында ТМД-тағы ең тартымды қаласы болды. Көрмеге келу бойынша Еуропа елдері арасында Германия көш бастады, ал Азия аймағынан ең көп турист Қытайдан келді", - дейді компанияның баспасөз қызметі. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов үш айда Астанаға шамамен 5,4 млн адам келгенін, бұл былтырғыға қарағанда 1,7 млн-ға көп екенін айтты. Көрмені 3,977 млн адам тамашалады. Пірметовтің айтуынша, Қазақстан бұл көрсеткішке отандық туризмді дамытуға ерекше назар аударуының арқасында қол жеткізіп отыр. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағылар шетел азаматтарының Қазақстанда визасыз 72 сағат жүруі туралы қабылданған қаулы туризм бинесіне серпін бергенін атап көрсетті.  "Біз жақында мемлекеттік органдармен елімізге шетел азаматтарының транзиттік келуінің 72 сағат транзит режимін ұзарту мәселесін талқыламақшымыз. Бізді Азия аймағы, соның ішінде Қытай қызықтырады. Бүгінгі таңда Иранмен екіжақты келісімге қол қойылған, үнді туризмінің де әлеуеті зор", - дейді Қазақстан Туризм қауымдастығының директоры Рәшида Шайкенова. Оның айтуынша, бізден онша алыс емес Азия елдері халықаралық туризм нарығында айтарлықтай белсенді болып отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу