Түрме аумағына түйіншек лақтырмақ болған адам ұсталды

1280

Биыл түзету мекемесіне тиым салынған зат бермек болған 19 дерек анықталды.

Түрме аумағына түйіншек лақтырмақ болған адам ұсталды

Ақтөбеде түрменің ішіне үш бірдей түйіншек лақтырмақ болған тұрғын қолға түсті. Тексере келгенде 26 жастағы азаматтың бұрын сотты болып, жазасын өтегені анықталды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Түйіншектің екеуінде ұялы телефон, үшіншісінде ерекше исі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.

Бұдан бөлек, КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеге келген 33 жастағы әйелдің сәлемдемесін тексеру кезінде, аяқкиім табанына мұқият жасырылған екі шағын ұялы телефон мен USB шнурын тәркіледі. Ол байланыс құралдарын тергеудегі күйеуіне жеткізбек болыпты. 

"Ер адамға қатысты дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы шешім қабылдау үшін құжаттар жинақталды. Екінші дерек бойынша заңсыздыққа барған әйел адам ҚР ӘҚБтК 481 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді КА-168/2 мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Айта кетейік, қазіргі күні аталған ҚАЖ департаменті полиция департаменті және "Ұлттық ұлан" 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, "Асыра лақтыру" іс-шарасын өткізуде. Ол жабық мекекеге сырттан тыйым салынған жолдардың қандай жолмен болса да кіруінің алдын алып, тосқауыл қоюға бағытталған. Соның ішінде, заңсыздыққа бармақ болған адамдардың колонияның қоршауынан ішке зат лақтырып жіберуге тырысатындары да бар. 

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің айтуынша, жыл басынан бері түзету мекемесіне зат алып кірмек болған 19 дерек анықталған, оның ішінде 8 жағдай есірткіге байланысты. 

Заң бұзған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, мекемеге жеткізбек болған 20 ұялы телефон, 20 sim-карта, 9 құлаққап, 6 телефон зарядтағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон тәркіленіпті. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу