Түрмеде отырған 4 жасөспірім рақымшылыққа ілігеді

379

Бұрын рақымшылыққа ілігіп, қайта қылмыс жасағандардың саны 2 мыңнан асады. 

Түрмеде отырған 4 жасөспірім рақымшылыққа ілігеді Фото: canva

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды ұстау орындарында 75 бала жазасын өтеп жатыр. Оның 70-і ұл, Алматы қаласындағы №11 мекемеде, ал 5 қыз бала Алматы облысы Жауғашты кентіндегі мекемеде жазасын өтеп жатыр. Осы сотталғандардың ішінде 4 жасөспірім рақымшылыққа ілігеді, жаза мерзімі қысқартылады", – деді Абай Қайырбеков.

Сөзінше, ҚАЖ мекемелерінде бұрын рақымшылыққа ілігіп, қайта қылмыс жасағандардың саны 2 мыңнан асады.

"Оларды да біз іріктеп қарадық. Оның ішінде рақымшылаққа ілігетін 30-дан астам адам бар", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу