Түрмеде отырған Саакашвили Макроннан көмек сұрап, хат жолдады

692

Қамауда отырған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Франция президенті Эммануэль Макронға хат жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.  

Түрмеде отырған Саакашвили Макроннан көмек сұрап, хат жолдады Фото: aa.com.tr

Хатта Саакашвили Макроннан көмек сұрап, өзінің аз ғана ғұмыры қалғанын айтқан.


"Мен өмір бойы Грузия мен Украинадағы бостандық пен реформалар үшін күрестім, Ресейдің империалистік саясатына қарсы болдым. Путин мені өзінің басты жауларының бірі санайды. Ол мені өлтіремін деп жұрт алдында уәде берді. Қазір мен оның жеке тұтқындарының бірі ретінде түрмеде отырмын. Токсикологтар мені түрмеде уланған деген қорытындыға келді", - делінген хатта.

Саакашвилидің денсаулығына дәрігерлер де алаңдаушылық білдірген.


"Мен салмағымның үштен бірін жоғалттым, қозғала алмаймын. Маған халықаралық деңгейде реакция керек, өйткені мен өліп барамын. Уақытым аз", - деп жазды Саакашвили.


Грузияның экс-президенті сонымен қатар президент Макрон мен Франция халқынан үміт күтетінін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу