Түрмеде тігіншілікті меңгерген келіншек бостандықта өз кәсібін ашты

147

Бүгінде оның сенімді өз командасы бар, олар тапсырыс бойынша киім тігумен айналысады.

Түрмеде тігіншілікті меңгерген келіншек бостандықта өз кәсібін ашты Фото: СҚО ҚАЖД

Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу мекемелерінде жаңа оқу жылында 240 жазасын өтеуші жаңа мамандықты меңгеріп шықпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы №50 мекемеде жазасын өтеушілердің бірі уақытты босқа өткізбей, "тігінші" мамандығы бойынша оқыды. Сабаққа жауапкершілікпен қарап, кәсіптің қыр-сырын барынша меңгеруге тырысты. Кейін мекеме аумағында тігінші болып еңбек етті.

Бостандыққа шыққаннан кейін ол алдымен ательеге жұмысқа орналасып, мамандығы бойынша білімін шыңдады, тәжірибе жинақтады. Ал уақыт өте өз кәсібін ашуға бел буды. Бүгінде оның сенімді өз командасы бар, олар тапсырыс бойынша киім тігумен айналысады.

Қазіргі таңда СҚО бойынша ҚАЖ мекемелерінде 622 сотталған еңбекпен қамтылған. Олар колониялар аумағында орналасқан 16 жеке кәсіпкерлік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жұмыс істейді.

Жаңа оқу жылында 11 мамандық бойынша 240 сотталған білім алады. Ең көп сұранысқа ие кәсіптердің қатарында – тігінші, құрылыс мамандықтары, сондай-ақ ара шаруашылығы мен ландшафтық дизайн бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу