Түрмедегі медицина бөлімдерінің жұмысы өзгерді

578

Өскемендегі ОВ-156/1 тергеу изоляторындағы медициналық бөлім, толықтай Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтті деп хабарлайды Atameken Business.

Түрмедегі медицина бөлімдерінің жұмысы өзгерді

Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысы бойынша, осындай 9 бөлімнің жұмысы ауысады. Бұрын полицей формасын киген әскери дәрігерлер, енді кез-келген емханадағы әріптестері секілді еңбек етеді.

Бұл өзгеріс, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес жүзеге асып жатыр.

Жалпы еліміз бойынша, биыл Ішкі істер министрлігіне қарасты 16 тергеу изоляторының медициналық бөлімдері Денсаулық сақтау министрлігіне өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу