Түрмеде қаза тапқандардың туыстары түзеу мекемесінің басшыларын жазалауды сұрайды, деп хабарлайды Atameken Business
Алайда, қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық атқару жүйесінен әлі күнге ресми мәлімдеме жоқ. Оқыс жағдай үш адамның өмірін қиды. Тағы 8 адам ауруханаға жеткізілген.
Ішкі істер министрлігінің дерегіне қарағанда, қаңтардағы жағдай бойынша елдегі колонияларда отырғандардың саны 25 мыңға жуықтаған. Жалпы айыбын өтеушілердің әрқайсысына жылына шамамен 880 мың теңгеден бөлінеді екен. Ал бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанда қазір 66 түрме бар. Оның екеуінің қызметі тоқтатылады. Яғни, жабылады. Бұған дейін мәжілісмен Айжан Сқақов Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдап, Үкіметтің шын мәнінде кімнің мүддесін қорғап отырғанын сұрағаны есте. Себебі мемлекет қамқорлығынының игілігін балаларға қарағанда, адам өлтіріп, ұрлық жасаған қылмыскерлер көруде.