"Түрмедегілердің қауіпсіздігі бейнебақылауда болады"

627

Енді полиция қызметкерлерінің өздері де бейнебақылауда болады. "Олардың қызметі халыққа ашық болса, халықтың шағымдар саны да азаяды" деп есептейді Ішкі министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. 

"Түрмедегілердің қауіпсіздігі бейнебақылауда болады"

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қазір барлық полиция бөлімшесінде бейнебақылау жүйесін орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы 16 658 камера орнатылатын болады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 33 966 камера орнатылады. Биыл ең қиын 29 мекеме (12 966 камера) қамтылып, қалған мекемелерде қашықтан бейнебақылаумен қамтамасыз ету 2023 жылы аяқталады. Бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, түрмедегі адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға бағытталған. Сонымен қатар сотталғандар тарапынан да, мекеме әкімшілігі тарапынан да болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір амалы", – деді министрдің орынбасары.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында Ішкі істер министрлігіне пенитенциарлық мекемелер мен халықпен жұмыс жасайтын полиция бөлімшелерін үздіксіз бейнебақылауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу