Түрмеден 3700 сотталушы қашып кетті

345

Гаити астанасында қарулы топтар түрмеге шабуыл жасап, 3700 сотталушы қашып кетті.  

Түрмеден 3700 сотталушы қашып кетті Фото: tvrus.eu

Артынша атыс дыбыстары естіліп, тәртіпсіздіктер орнаған. Осыдан кейін қалада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Гаити - Латын Америкасында орналасқан әлемдегі ең кедей мемлекеттің бірі. 2021 жылы жазда Президентке шабуыл жасалды. Артынша мыңдаған адамның өмірін қиған жер сілкінісі болды. Осыдан кейін ахуал тіптен қиындап кетті. Былтыр ел астанасының 80 пайызы қылмыстық топтардың бақылауында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу