Түрмеден қашқан сотталушы іздестірілуде

1314

Қарағанды облысындағы түзету мекемесінен соңғы уақытта үш сотталушы қашып кеткен.

Түрмеден қашқан сотталушы іздестірілуде

Қарағанды облысындағы Долинка түрмесінен үш сотталушы қашып кеткен. Оның екеуі ұсталды. Ал үшінші жазасын өтеуші Абдикаримов әлі ұсталған жоқ, іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.

Долинкадағы АК 159/20 калониясынан сотталушы Абдикаримовтің қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тексеру жүргізілген. Түрме бастығына және оның екі орынбасарына, үш бақылаушыға сөгіс пен қатаң сөгіс берілген. Алайда түрме басшылығы бұл қоныстандыру калониясы болғандықтан, жазасын өтеушілер түрме аумағына белгіленген жерде  күзетсіз жүре беретінін атап өтеді. Сондай ақ олар күзетсіз жұмыс орындарына барып, қайтып отырады. Осы сәтті пайдаланып, түрмеден бұдан бұрын қашып кеткен сотталушы Садовиков екі күн бойы қалада жүріп, үшінші күні облыстық прокуратураға барған. Ол құзырлы орын өкілдеріне түрмеде тамақтың талапқа сай берілмейтініне және ауыз су сапасының нашар екеніне шағым білдірген. Прокуратура мамандары қылмыстық атқару жүйесіне бірден хабарласып, оны ұстап берген.

Сонымен қатар осы түрмеде жазасын өтеп жүрген Жамбурбаевтың шағым айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кеткен. Сотталушы құзырлы органдарғада бірнеше рет шағымданған. Жамбурбаевта түрмедегі ауыз су мен тамақ сапасының нашар екенін айтқан. Ол  ауыз судың бетіне май тұнып қалатынын бейнежазбасында көрсеткен. Жазасын өтеуші мұнда тексеруге комиссия келгенде, түрме басшылығы дайындалып, жақсы жақтарын көрсетеді деген мәлімдеме жасаған.

Қылмыстық атқару жүйесі болса, Жамбурбаевтың құзырлы органдарға 15 рет шағым жазғанын оның бәріне жауап қайтарылғанын айтады.

Жазасын өтеушілердің арызы бойынша комиссия түрмедегі ауыз су мен тамақты тексерген. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мамандарының айтуынша комиссия құрамына қоғамдық бақылаушылармен қоса мамандандырылған прокуратура, санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары енген. Комиссия тексерген соң түзету мекемесіндегі су мен тамақтандыру режимі санитарлық нормаға сай деген қорытынды жасапты. Сондай - ақ түрме мамандары тоқсан сайын ауыз су мен тағамдардан зерттеуге сынама алынып отыратынын айтып ақталуда.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу