Түрмеге есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды

1203

Шу тұрғыны есірткіні досына бермек болған. 

Түрмеге есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Жамбыл облысында түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласындағы ЖД 158/4 түзеу мекемесі аумағында Шу ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту барысында оның күртешесінен скотчпен оралған, 2 полиэтилен пакеті табылып тәркіленді.

Сараптама барысында бір пакетте салмағы 55 грамм "каннабис шайыры", ал екіншісінде салмағы 193 грамм "гашиш" есірткісі болғаны анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің есірткіні Шу қаласында өзі дайындап, Таразға алып келгені белгілі болды. 

Ол бұл есірткіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан досына бермек болған. Осылайша, күдікті есірткіні түрме аумағына лақтырмақ болған.

"Бүгінде бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі ("Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу мақсатынсыз тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Тараздағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асқар Жұмабеков.

Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу