Түрмеге есірткі тасыған адвокаттың қылмысы әшкереленді

230

Тыйым салынған зат адвокаттың сөмкесінен табылып, сотталушымен кездесу өткен жоқ.  

Түрмеге есірткі тасыған адвокаттың қылмысы әшкереленді Фото: polisia.kz

Қазір оны жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыдағы түзеу мекемелерінде адвокаттардың тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті әшкереленді.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №72 мекемесінде алаяқтық бойынша күдіктіге телефон беру әрекеті рентген құрылғысы арқылы тексеру кезінде анықталған.

"Тек 2024 жылы адвокаттардың қатысуымен осындай 4 дерек тіркелген. Биылғы жарты жылда 12 жағдай тіркелген. 2025 жылғы ақпанда да бір адвокат тергеу изоляторында қорғауындағы адамға 2 телефон бермек болған, бірақ заттар тәркіленіп, сот шешімімен ол әкімшілік жауапқа тартылған. Жыл басынан бері ҚАЖ мекемелеріне 422 телефонды алып кіру әрекеті тоқтатылып, 150-ден астам адам жауапқа тартылған. Оның ішінде адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар да бар. Қылмыстық жауапкершілікке 4 адам тартылған", – деп хабарлады ҚАЖ өкілдері. 

ІІМ ҚАЖ комитеті бұл әрекеттер адвокат мамандығына деген сенімге нұқсан келтіретінін айтып, Республикалық адвокаттар алқасына өткізу режимін бұзғандарға қатысты қатаң шара қолдануды, тіпті кәсіби лицензиядан айыру мәселесін қарауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу