Әйелін аяусыз ұрып, азаптап өлтірген Бишімбаев кінәсін әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Үкіммен келіспеген экс-министр қазір сотқа қайта шағымданып жатқан көрінеді. Сол себептен Астананың тергеу изоляторында отыр. Аса ауыр қылмыс жасаған экс-министрдің жазасын қайда өтейтіні әлі белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді. Марат Қожаевтың сөзінше, осындай қатыгездікпен қылмыс жасағандар отыратын түрмеде бос орын жоқ.
- Су тасқынан байланысты біз бірнеше колонияны басқа өңірлерге көшірдік. Яғни, осы санатқа жататындарға бөлек аймақтар бөлінген. Бізде түрмелер толып тұр. Осыған байланысты Бишімбаевтың нақты қай жаққа баратынын айта алмаймын, - дейді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.