Түрмелерде бизнес ашу тиімді

1022

Атырау облысында кәсіпкерлерге оның шарттары түсіндірілді 

Түрмелерде бизнес ашу тиімді

Қазіргі күні Атырау облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелерінде өңірдің сегіз кәсіпкері жұмыс істейді. Дегенмен сотталғандарды еңбекке тарту арқылы бизнес өркендетпек болған кәсіпкерлер үшін әлі де мүмкіндік көп, –  деп жазды  inbusiness.kz тілшісі. 

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің дерегінше, бүгінде мұнайлы өңірдегі түзеу мекемелерінде еңбекке қабілетті 400-ден астам адам бар. Олардың 205-і ақы төленетін жұмыстармен айналысады. Мамандар сотталғандарды жұмыспен қамту олардың тәртібін түзеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін арттыратына сенімді. Сондай-ақ олар алатын жалақысына мемлекет пен жәбірленушілер алдындағы берешегін өтеп, отбасыларына көмектеспек.

"Қазіргі кезде әйелдер колониясы аумағындағы өндірістік аймақта 74,4 шаршы метр бос аудан бар. Біз кәсіпкерлерге осы жерде бизнес ашуға шақырамыз. Орынжайды жалға алу тиімді шарттармен беріледі. Бұл аумақ күзетілетіндіктен қосымша шығын қажет етілмейді. Жұмыс орындарда тәртіп сақталады. Персоналға еңбекақы мөлшері келісімді, кәсіпкер өндірілген өнім үшін ғана төлейді", – дейді УГ 157/11 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Есқалиева. 

Қазірге облыстағы ҚАЖ мекемелерінде 8 кәсіпкер жұмыс істейді. Онда бас бостандығынан айырылғандар қағаз өнімдерін, қолданбалы өнер бұйымдарын өндірумен, тігумен және тоқумен айналысады. 

Құралай Қуатова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу