Түрмелерге теолог мамандардың штаттық қызметі енгізілді

1284

Түрмелерге теолог мамандардың штаттық қызметі енгізілді

Қазақстандағы түрме мекемелерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды күшейту мақсатында сотталушылармен теологиялық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мамандардың штаттық қызметі енгізілді. Бұл туралы ҚР ІММ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мамандардың негізгі міндеті мүдделес органдар қызметін біріктіру және үйлестіру болып табылады. Бұл бағытта бірінші кезекте сотталушыларға дәстүрлі діни білім мен экстремистік және террористік идеялардың қауіптілігі туралы тұрақты түрде жұмыстар жалғастырылады.

"Түзеу мекемелеріндегі жедел жағдайлар жалпы алғанда тұрақты және бақылауда. Ағымдағы жылдың бес айы ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері мен дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің теологтары қылмыстық атқару жүйесі комитеті мекемелерінде 800-ден аса кездесу өткізді. Оның барысында жалпы дәрістер, жеке әңгімелесулер ұйымдастырылып, жазасын өтеуші азаматтардың сұрақтарына жауаптар берілді" - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу