Атырау қаласы №1 полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге жанжал жиі болатын отбасыларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері "102" арнасына 100-ден астам қоңырау түскен. Соның нәтижесінде 79 адамға қорғау нұсқамасы беріліп, 20 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар қойылды.
Бұл шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қайталануына жол бермеуге бағытталған.
"Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз немесе куәгер атансаңыз, дереу полицияға хабарласуыңыз қажет. "102" арнасы тәулік бойы кеңес беріп, көмек көрсетуге дайын", – делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.