Тұрмыстық қалдықтан электр энергиясын өндіруге болады

597

Ел аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтың 15% ғана өңделеді.

Тұрмыстық қалдықтан электр энергиясын өндіруге болады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Бұған дейін құжат бірінші оқылымда талқыланып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін құқықтық база қалыптастыру қажет екені айтылды. Заң жобасы тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық жолмен өңдеу арқылы электр энергиясын алуға мүмкіндік беруді көздейді.

"Депутаттар заң жобасына қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру мақсатында бастамашылық жасады. Өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана жатады. Жыл сайын елімізде шамамен 5 млн тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15% қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді", – деді мәжіліс депутаты Құралай Қаракен.

Қанат Махамбет

Фото:belta.by

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу