Павлодар қаласындағы қоқыс жәшігінің ішінен қыз баланың денеі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, облыс орталығындағы Бұқар жырау көшесі, 353 мекенжайындағы аулада орналасқан қоқыс жәшігінен нәрестенің анықталағаны туралы хабар түскен.
"Хабар сағат 12.28-де түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 5 минутта жетті. Дәрігерлер қыз баланың жан тапсырғанын тіркеді", - делінген хабарламада.
Аталмыш жағдайға байланысты Павлодар облыстық полиция департаменті әзірше ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу