Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында еліміздегі тұрмыстық техника өндірісі қалай дамитынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2025 жылға қарай тұрмыстық техника өндірісін 360 мың бірлікке дейін (Silk Road Electronics – 301 470, Almaty turmystyq tehnika зауыты – 60 000), 160 мың бірлікке дейін жеңіл автомобильдер ("СарыаркаАвтоПром" ЖШС – 110 мың және "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС – 50 мың автомобильдер), сондай-ақ теміржол машина жасау тауарлары: 100 бірлікке дейінгі жолаушылар вагондары (ЗИКСТО), локомотивтер 120 бірл (Электровоз құрастыру зауыты – 44 бірлік, Локомотив құрастыру зауыты – 90 бірлік), 500 данаға дейін платформалар (ЗИКСТО), 1,5 мың бірлікке дейін жартылай вагондар (КВК) ұлғайту жоспарланып отыр. Орта мерзімді перспективада салада Екібастұзда темір жол кластерін одан әрі дамыту міндеті тұр", - деді министр.
Бұдан бөлек Қанат Шарлапаев Саран қаласындағы тұрмыстық техника өндірісіне жеке тоқталды.
"Тұрмыстық техника өндірісін қытайлық HTC Corporation компаниясы және Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы сияқты жаңа инвесторларды тарту арқылы Саран қаласындағы "Silk Road Electronics" ЖШС жұмыс істеп тұрған кәсіпорын базасын ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инвестиция көлемі – 12 млрд теңге, қуаты – 400 мың бірлікке дейін"0 – деп атап өтті ведомство басшысы.
Айта кету керек, осыған дейін 2029 жылға дейін мыс өндірісі 2 есе артуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.