Тұрмыстық техника сатушылары қосылған құн салығынан босатылады

220

Салық кодексіне толықтырулар енгізу шеңберінде уәкілетті өкілден сатып алынған тұрмыстық техника тауарларын сатуға қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатуды тарату бөлігінде нормаларды енгізу көзделеді. 

Тұрмыстық техника сатушылары қосылған құн салығынан босатылады Фото: depositphoto

Нәтижесінде Қазақстанда өндірілген тұрмыстық техниканың құны төмендеуі мүмкін, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электротехника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де адамдарды (дистрибьюторларды) қосылған құн салығын төлеуден босату бөлігінде Салық кодексінің 394-бабы 48) және 53) тармақшаларының редакциясын нақтылау. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес осы тауарларды өндірушілерге және олардың уәкілетті өкілдеріне осындай жеңілдік беріледі", — делінген Заң жобасының қорытындысында.

Ұсынылған түзетулерді енгізу:

  • тұрмыстық техниканың ірі әлемдік брендтерін тарту;
  • тұрмыстық техниканы өндіруші қазақстандық зауыттан техниканы дистрибутордың толық сатып алуын қамтамасыз етеді;
  • тұрмыстық техниканың құнын төмендетеді (акциялар, жеңілдіктер, бөліп төлеу).

Жалпы, заңдарды іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық әсер береді, деп санайды депутаттар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу