Тұрмыстық жанжал: былтыр 13 мың адам әкімшілік қамауға алынған

432

Былтырдан бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті. 

Тұрмыстық жанжал: былтыр 13 мың адам әкімшілік қамауға алынған Фото: gracers.com

Жаңа заңнама аясында тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мыңнан астам өтініш қаралып, 64%-ы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әкімшілік қамауға тартылған адамдардың саны 2 есеге (6 мыңнан 13 мыңға дейін) артты. Осылайша кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік атмосферасын құра отырып, қоғамды аса ауыр қылмыстардан сақтаймыз", - деді спикер.

Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, 2023 жылы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 12%-ға азайған.

"Көшелерде жасалған қылмыстардың түрлері бойынша төмендеу байқалып отыр. Атап айтқанда, кісі өлтіру 33%-ға, бұзақылық – 29%, қарақшылық –14%, тонау – 13%, ұрлық 11%-ға азайған. Бұл жұмыс жалғасады және күшейтіледі", - деді ведомство өкілі.

Айта кету керек, осыған дейін өткен жылы 127 көлік жүргізушісі полицейлерге пара ұсынғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу