Тұрмыстық жанжалдан қаза тапқандардың 65% еркектер

578

Тұрмыстық жанжал барысында әйелдер емес, көбіне еркектер қаза табады, деп хабарлайды Atameken Business.  

 Тұрмыстық жанжалдан қаза тапқандардың 65% еркектер

Бас Прокуратура "Атамекен бизнес" арнасы жолдаған ресми сауалға осындай статистика көрсетілген жауапты қайтарды. Құжатқа қарағанда, биылғы 10 айда отбасылық зорлық-зомбылық кесірінен 135 адам көз жұмыпты. Соның 88-і, яғни 65%-ы ер азамат.  14 облыс пен 3 қала арасындағы рейтингте топ үштікті Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда марқұмдардың 40-ы жігіт. 

Ал тізбенің ең төменгі үштігіне Шымкент, Атырау және Маңғыстау облысы жайғасыпты. Барлығы 4 марқұм тіркелсе, соның 3-уі еркек кіндікті. Дегенмен, дағдарыс орталығына хабарласып, көмек сұрайғандардың дені әдеттегідей әйелдердің үлесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу