Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Әкімшілік қамауға алынғандар саны 2 есе артты

379

Қылмыстық және әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Әкімшілік қамауға алынғандар саны 2 есе артты Фото: ortcom_kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Ренат Зулхаиров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Былтыр Президенттің тапсырмасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық және әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш беруден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті.

"Әкімшілік іс қозғалады. Соңғы құқықтық бағалауды сот береді. Жаңа заңнама шеңберінде (2023 жылдың екінші жартыжылдығында) тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мың өтініш қаралды. 64% материалдар бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есе артты. Сотта 27 мыңнан астам отбасы татуласты", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Ренат Зулхаиров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу