Төтенше жағдай мен карантин кезінде еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші 21% өскен. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов айтты.
"COVID-19 індетінің таралуына байланысты әлем бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр. Өкінішке қарай, бұл проблема біздің елді де айналып өтпеді. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткіші 21% өсіп кетті", – деді басқарма басшысы.
Қанат Махамбет
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу