Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған 27 мың әйел көмек сұраған

1530

Тағы 9 мың келіншек дағдарыс орталықтарынан пана тапқан.    

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған 27 мың әйел көмек сұраған Фото: ernur.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда, мамандар олардың барлығын бірдей арнайы орталықтарға орналастыру мүмкін еместігін айтады. Бүгінде отбасында теперіш көрген 3 мыңға жуық әйел уақытша дағдарыс орталықтарында тұрып жатыр.

ІІМ мәліметінше, жалпы былтыр жыл басынан бері әйелдерге 9 мыңнан астам кеңес көрсетілген, 5,5 мың зомбылық құрбаны полиция көмегіне жүгініпті. Осылайша 22 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 4731-іне әкімшілік жаза берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу