Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Елімізде неміс пилоттық жобасы іске қосылады

647

Астанада "Серіктестік – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы" тақырыбында халықаралық форум өтті.  

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: Елімізде неміс пилоттық жобасы іске қосылады Фото: ortcom.kz

Форумда Германияда қолданылатын "ODARA" тұрмыстағы зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалауға арналған халықаралық құрал таныстырылды, деп жазады inbusiness.kz.

"ODARA" құралы алдын алу жұмыстарына бағытталған. Отбасылық жанжалдар бүкіл әлемде бірдей сипатқа ие. Германияда да, бізде де кейбір әйелдер ажырасқысы келмейді, бірақ жұбайының немесе отбасы мүшесінің мінез-құлқын түзетуді қалайды. Бұл жүйе кімге профилактикалық әңгіменің жеткілікті екенін, кімге қатысты қатаң шаралар қабылдау керектігін анықтауға көмектеседі", – деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Пилоттық жоба Астана, Алматы және Павлодарда іске қосылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу