"Туроператорлар туристерге қиянат жасап жүр" – вице-министр

967

Заң жобасына туризм субъектілердің лицензиясын тоқтату туралы талап енгізіледі. 

"Туроператорлар туристерге қиянат жасап жүр" – вице-министр

Мәжілісте "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды. 

Шара шеңберінде мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев баяндама жасады. Ол туристік сапарларда қазақстандықтардың құқығы қорғалуы тиіс екенін айтты.

"Туристік бизнесті реттеу мақсатында министрлік шетелге шығатын отандастарымыздың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қолданыстағы тетігін жетілдіруді ұсынады", – деді вице-министр.

Өркен Бисақаевтың баяндауынша, туризм нарығында қызмет көрсететін кейбір туроператорлар міндеттемелерін тиісінше орындамайды. Олардың орашолақтығы мен салғырттығына тосқауыл қою үшін заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет.

"Заңға қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған туризм субъектілердің 
лицензиясына тоқтату тұру туралы талап енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазір жазаланбайтынын білетін кейбір туроператорлар туристерге қиянат жасап жүр", – деді Өркен Бисақаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу