Туроператорларға 2-14 жас аралығындағы балалардың билеттері өтеледі

801

Жоба шілде айы бойы талқыланып, келесі жылы күшіне енеді.  

Туроператорларға 2-14 жас аралығындағы балалардың билеттері өтеледі

Туроператорларға 2-14 жас аралығындағы балалардың билет құны өтеледі, деп хабарлайды Аtameken Business . Жоба шілде айы бойы талқыланып, келесі жылы күшіне енеді.  Ережеге сай, демалуға аттанған қазақстандықтар, тек кәмелетке толмаған 2 жолаушымен ғана ұша алады. Оларға өтемақы "1 + 2" қағидаты бойынша бөлінеді. Яғни, кәмелетке толмағандарға арналған билеттердің құны, ішкі туризм саласында бюджеттік бағдарламаны, қаржыландыру жоспарына сәйкес өтелмек. Бастысы – балалардың, еліміздің азаматтығы бар ата-аналары немесе заңды өкілі болуы керек. Мәдениет және спорт министрлігінің, мәліметі бойынша, бір бағыттағы билет құны өтелмек. Ал әуежайға тікелей бағыт болмаса, балаларға транзиттік рейспен ұшуға рұқсат етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу