Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өткен Shanghai Trophy ірі халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқа бағдараламада Тұрсынбаева екінші орын алған болатын. Еркін бағдарламадан Элизабет 116.85 ұпай жинап, үшінші сатыдан көрінді. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 186.09 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл Элизабет Тұрсынбаеваның жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу