Тұрсынбек Қабатов қар тазалауға шақырады

1699

Бас қалада қар қалың түсіп, коммуналдық қызметтер тазалап үлгермеуде.

Тұрсынбек Қабатов қар тазалауға шақырады

Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады. Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай , "Назар аудар" театрының әртістері қолдады.

"Біздің қаламыз, еліміз – ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Сонымен қатар, ол эстафетаны "Формат" тобына, "А.И." музыкалық-театр орталығы мен "Астана" футбол клубына табыс етті.

Қар тазалау бойынша акцияны волонтерлер үнемі өткізіп тұрмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу