Қазақстандық боксшы Мұса Тырсынғалиев кәсіпқой бокстағы сегінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тұрсынғалиев екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Өзінің кәсіпқой мансабын Мексикада бастады. Сол сапарынан бері ол 27 күн ішінде жергілікті боксшылармен жұдырықтасып, сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті. Оның жетеуінде ол мерзімінен бұрын аяқтады.
Тұрсынғалиевтің соңғы "құрбаны" жергілікті боксшы болды. Қазақстандық боксшы қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірді. Бокс кеші Мексиканың Канкун қаласында өтеді.
Еске салайық, қазақстандық боксшы 10 қарашада шаршы алаңға бірінші рет шықты. 22 желтоқсанда ол жастар арасында чемпиондыққа таласу үшін жеңілмеген мексикалық боксшы Хосе Гонсалеспен кездеседі.