"Тұсаукесер" қайырымдылық жобасы ұйымдастырылды

2539

Астанадағы ұлттық музейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 баланың тұсауы кесілді.

"Тұсаукесер" қайырымдылық жобасы ұйымдастырылды

Елордадағы ұлттық музейде "Наурыз – жаңару нышаны" мерекелік шоу-бағдарламасы өтіп жатыр. Шара аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 баланың тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24.kz.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, тарихшы Жамбыл Артықбаев сияқты ел алдында жүрген азаматтар рәсімге қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.

Бұдан бөлек, музей қонақтарының назарына "Наурыз – жаңару нышаны" мерекелік шоу-бағдарламасы ұсынылды.

 Айта кетейік, "Тұсаукесер" қайырымдылық жобасы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Игі шара келер жылы да жалғасын таппақ. 

"Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрімен балалардың тұсауы кесілді. Балалардың болашақта ата-аналарын кездестірулерін тілеймін", – дейді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Берік Әбдіғалиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу