Тұщы су қоймасына кәріз суының ағуы туралы ақпарат тексеріліп жатыр

2353

Әзірге кәріз суының қайдан келгені түсініксіз. 

Тұщы су қоймасына кәріз суының ағуы туралы ақпарат тексеріліп жатыр

БАҚ-та қарағандылық балық аулаушылардың Фёдоров су қоймасына кәріздік су ағып жатқанын айтып шағымданғаны туралы ақпарат шыққан болатын. Осыған байланысты Қарағанды облысының экология департаменті, табиғи ресурстар басқармасы, "Қарағанды Су" ЖШС, сондай-ақ "Қарағанды Су" бас мердігері "Стинк ТФК" ЖШС өкілдері тексеру жүргізді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Мамандармен бірге Қарағанды тұрғыны Игорь Евдокимов та болды, су қоймасына лас судың ағып жатқанын байқаған дәл осы кісі болатын.

Экологтардың айтуынша, құбыр жеке кәсіпкердің иелігінде екен. Бұған дейін осы жерде шұжық цехі орналасқан болатын, ол 2013 жылы №10 коллекторға қосылған болатын.

"Бұл "Дугиев" ЖК меншігінде. Қазір біз осы кәсіпорынның өкілдерін іздестіріп жатырмыз. Олар 2013-ші жылы қосылуға техникалық шарттар алған. Алайда коллекторға қосылулардың әрқайсысында су басып кетпес үшін кері айналым клапаны болуға тиіс. Ал мұнда ол жоқ. Бүгін біз екі жақтан бітеуіштер қойдық. Енді су көлге ақпайтын болады", - деп түсіндірді "Қарағанды Су" ЖШС күрделі жөндеу бөлімінің бастығы Сәкен Рақышев.

Бұл судың қайдан келіп аққанын әлі де анықтау қажет. Экология департаментінің өкілдері үш жерден судың сынамасын алды: коллекторға құбырдың қосылған жерінен, сәл алшақтау жерде және су көлге аққан жерден. Нәтижелері 3-4 күнде дайын болуға тиіс.

"Стинк ТФК" ЖШС басты мердігер компаниясының бас директоры Асхат Көшербаев кәріздік коллекторды қалыпқа келтіру туралы тоқталды. Ағын сулар сорғыш станциясына ағады, сонан соң аэрация станциясына және ол жерден тазартылған су Соқыр өзеніне түседі. "Стинк ТФК" директорының айтуынша, коллекторларды жаңғырту аяқталған

"Бізге Фёдоров су қоймасына су қайдан келіп аққанын анықтау қажет. Су қоймасы Соқыр өзенінен аққан сумен толығады, алайда қыста ол қатып қалады. Мына су қайдан келгені түсініксіз. Мүмкін, бір жерде құбыр жарылған шығар, оны біз анықтауымыз керек", - деді Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының жетекшісі Руслан Төлепбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу