Түсім – 12 трлн, шығыс – 14,5 трлн теңге

682

Мәжіліс 2020-2022 жылғы бюджеттің нақтылауын мақұлдады.

Түсім – 12 трлн, шығыс – 14,5 трлн теңге

Республикалық бюджеттің 2020-2022 жылдарға арналған жобасын нақтылау жобасы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндады.

"Бюджетті нақтылау шеңберінде Президент Жарлығына сәйкес,  мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу  жүзеге асырылды. Нәтижесінде республикалық бюджет параметрлері келесіде қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 185 млрд теңгеге ұлғайып, 12 трлн теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 пайыз деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 205 млрд теңгеге өсіп, 14,5 трлн теңгені құрайтын болады", – деді министр.

Мәжіліс өкілдері брнеше ескерту мен ұсыныс бере отырып, нақтыланған жобаны мақұлдады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу