Түсіп Күзембаев шахтасында төтенше жағдай орын алды

2151

Түсіп Күзембаев шахтасында төтенше жағдай орын алды

Кеше кешкі сағат 17:00 шамасында Қарағандыдағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты Түсіп Күзембаев шахтасында төтенше жағдай орын алды. Кеніште көмір қабаты құлап кетіп, бір адам астында қалып қойған, деп хабарлайды 24.kz.

Абырой болғанда 35 жастағы жұмыскер аман. Көмір қабаты оның аяғын басып қалып, оң жақ тізесі сынған. Ол дереу Қарағандыдағы аурухананың біріне жеткізіліп, қажетті ем-дом көрсетілді.

Құтқару жұмыстарына барлығы 19 адам жұмылдырылыпты. Бұл туралы кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметінің өкілдері хабарлады.

Апаттың себеп-салдарын арнайы комиссия анықтайтын болады. Алайда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы бұл оқиға туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу