Түтінді сезетін құрылғы бір отбасын уланудан сақтап қалды

1068

Төтенше жағдай "Көктал-2" тұрғын алабында орын алған.

Түтінді сезетін құрылғы бір отбасын уланудан сақтап қалды

Елордада арнайы орнатылған датчиктер бір отбасының иіс тиіп, улануынан сақтап қалды, деп хабарлайды  әкімдіктің ресми сайты Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін сағат 12:15-те "112" қызметіне жедел жәрдем станциясынан "Көктал-2" тұрғын алабында Ақмола көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын азаматтардың иіс газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Жедел жәрдемді сағат түнгі екіде шақырған әйелдің айтуына қарағанда, түтіннің тым көп көлеміне дыбыс шығарып, белгі беретін арнайы құрылғының көмегімен қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болған. Ұйқысынан оянған үш баланың анасы үйдің ішін желдетіп, қайтіп ұйықтауға жатқан екен. Таңертең ол екі баласын мектепке жіберіп, өзі 2009 жылы туған баласымен үйде қалады. Сәлден соң ол басының айналғанын, жүрегінің айнығанын сезген", – делінген ведомствоның хабарламасында. 

Шамамен сағат 12:00-де жедел жәрдем бригадасы әйел мен оның баласын балалар ауруханасына жеткізді. Ауруханаға жатқызудың еш себебі болмаған соң, дәрігерлер оны баласымен үйіне жіберген. Бұдан кейін әйел ересектерге арналған ауруханаға барып, өз денсаулығын тексерген.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Еске салайық, арнайы датчиктерді аталмыш үйде Сарыарқа ауданы ТЖ басқармасының мамандары әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп ақпан айында, жеке секторда жүргізілген рейд барысында орнатқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу