"Түтіннің иісі шығып, вагондар тоқтады": Алматы метросында штаттан тыс жағдай орын алды

274

Кеше кешкісін Алматы метросында өртенген заттың иісі шығуына байланысты пойыздар тоқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Түтіннің иісі шығып, вагондар тоқтады": Алматы метросында штаттан тыс жағдай орын алды Фото: almatydc.kz

"Абай" метро станциясында сағат 18:04-те жанған заттың иісі пайда болды. Машинист жылжымалы құрамды тоқтату және жолаушыларды түсіру бойынша тиісті шаралар қабылдады. Сағат 18:20-да құрам тексеру үшін депоға жіберілді", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Сондай-ақ, әкімдік тасымалдауды қамтамасыз ету үшін резервтік құрам тартылып, пойыздардың қозғалысы 15 минут ішінде қалпына келтірілгенін хабарлады.

Аталған оқиғаға ҚР ТЖМ баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жіберілген.

"Тексеру барысында ашық жану анықталмады. Метрополитеннің мәліметінше, машинист жылжымалы құрамды тоқтату және жолаушыларды түсіру бойынша тиісті шаралар қабылдады. Құрам тексеру жүргізу үшін депоға жіберілді", – деп түсіндірді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта метро штаттық режимде жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу