"Сапа" тұтынушы құқығын қорғау ұлттық қоғамы тұтынушының құқығын қорғауға арналған oo-sapa.kz жаңа ақпараттық ресурсын әзірледі, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мен "Сапа" тұтынушы құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қазақстанда сатылатын және импортталатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі бірлескен жұмысты жүргізіп келеді.
"Тұтынушының құқығын қорғау туралы" заңға сәйкес тауар мен сатушы туралы ақпаратты алуға тұтынушының құқығын іске асыру үшін сайтта сапалы және қауіпсіз өнімді анықтауға көмектесетін өнімдер рейтингі жарияланған.
Ұлттық экономика министрлігі тұтынушының құқығын қорғау комитеті хабарлағандай, сайтта техникалық регламент пен санитариялық-гигиеналық нормаларды бұза отырып сатылған тауарлар, оларды өндірушілер және сатылатын орындар туралы ақпарат көрсетілетін қауіпсіз өнімдер тізбесі орналастырылады.