Тұтынушылар коммуналдық қызметке 14 млрд теңгеге жуық берешек

512

Елімізде қазан айындағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін 14 млрд теңгеге жуық қарызы бар деп мәлімдеді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.  

Тұтынушылар коммуналдық қызметке 14 млрд теңгеге жуық берешек Фото: lada.kz

"Қазан айындағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызмет үшін қарызы 13,7 млрд теңгені құрайды", - деді ол Мәжіліс депутаты Бекқали Торғаевтың сауалына берген жауабында.

Сондай-ақ Роман Скляр ЖЭС пен жылу желілерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы негізгі мәліметтерді айтты. Ал бұған дейін ол Қазақстандағы ЖЭС-тің 76 пайызы 50 жылдан аса жұмыс істегенін, жабдықтардың орташа тозуы 66 пайыз болатынын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу