Тұтынушылар құқығы қай салаларда жиі бұзылады? – министр жауабы

447

Өткен жылы Сауда және интеграция министрлігінде 30,2 мыңнан астам өтініш қаралды.

Тұтынушылар құқығы қай салаларда жиі бұзылады? – министр жауабы Фото: gov.kz

Тұтынушылар құқығын бұзу туралы өтініштердің саны жыл сайын 20%-ға артады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты. 

2022 жылы өзге мемлекеттік органдарға тұтынушылар құқығының бұзылуы бойынша 50 мыңға жуық өтініш келген.

Ведомство басшысының сөзінше, түскен өтініштердің үлес салмағы бойынша бөлшек сауда (48%), тұрмыстық қызметтер (19%), электрондық сауда (9%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (5,6%) салалары көш бастаған.  

"Өтініштердің саны қоғамдық тамақтану (188%), көлік қызметі (143%), медициналық қызмет (113%), байланыс қызметі (102%) салаларында ең көп өскен. Бұл ретте тұтынушылардың шағымдарының саны істердің нақты жай-күйін көрсетпейтінін түсіну қажет. Себебі құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған азаматтардың бәрі дерлік мемлекеттік органдарға жүгінбейді", - деді министр. 

Серік Жұманғарин келтірген мәліметке сәйкес, республика азаматтарының көбі мына салалар бойынша наразылық білдіреді: 

- медициналық қызмет – 39,3%;

- байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3%;

- қоғамдық көлік қызмет – 30,7%;

- қоғамдық тамақтану – 24,4%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу