Қазақстандықтар медициналық қызметкерлердің дөрекілігі мен біліксіздігіне, емханалардағы ұзын сонар кезекке көп шағымданады. Оларды сапасыз интернет, тамақтану орындарының сантиарлық талаптарға сәйкессіздігі әбден қажытқан.
Премьер-министр Әлихан Смайылов "мемлекеттік органдар халықтың өтінішін уақытылы қарамайды, мәселелелер көп жағдайда шешілмейді" деп сынады. Сауда және интеграция министрі де тұтынушылардан түсетін шағым жыл сайын 20 пайызға өсіп отырғанын мойындады. ГРА:Тек өткен жылдың өзінде 50 мың ел тұрғыны құқығын қорғауға көмекке жүгініпті. Арыздың көбі, яғни 40 пайыздайы медициналық қызметке байланысты. 30 пайызы қоғамдық көлік жүргізушілерінің дөрекілігін айтса, 24 проценті тамақтану қызметіндегі сапасыздықты баса көрсетіпті.
Смайылов елде тұтынушылар құқығын қорғайтын омбудсмен институтын енгізуге ұсыныс білдірді. Ол осындай проблемалар мен шағымдарды реттейтін негізгі үйлестіруші болмақ. Осы орайда, арыздарды қарау жолын жеңілдетуге де тапсырма берді.