Тұтынушыларды қорғау саласында тұтас және тиімді жүйе жоқ

1083

Кәсіпкерлер тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін сезінуге тиіс.

Тұтынушыларды қорғау саласында тұтас және тиімді жүйе жоқ

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады.

Ол тұтынушылардың құқығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру
маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, соңғы кездері тұтынушылар тарапынан өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы шағымдар мен өтініштер жиі түсіп жатқанын жеткізді. 

"Алдау, алаяқтық, дөрекі қарым-қатынас, бұрмалаушылық – осындай жағдайлар күнделікті өмірде кең таралып жатыр", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Министрдің мәлімдеуінше, тұтынушыларды қорғау саласында тұтас және тиімді жүйенің болмауы, жосықсыз кәсіпкерлердің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін толық сезінбеуі және тұтынушылардың өз құқықтарын қорғаудағы қарапайым әрі нақты алгоритмнің жоқтығы тұтынушылардың құқығын қорғаудағы негізгі проблемасы саналады. 

"Ұсынылып отырған заң жобасы тұтынушыларды қорғаудың экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің аралас моделіне негізделеді. Бұл моделдің принципі бойынша мемлекеттік реттеу "ақылды" басқарумен шектеледі, ал бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді сотқа дейінгі реттеу органдары атқарады. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың, өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылау институттарының рөлі күшейеді", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу