Спикердің айтуынша заңнаманы жақсарту мақсатында тұтынушыларға қатысты қоғамдық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және басқа да мүдделі тұлғалардан ұсыныстар жинақталып, арнайы әлеуметтік зерттеу жүрзілген.
"Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері заңның негізгі қағидаттарын тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қолданыстағы заңда көзделмеген қаржы, сақтандыру, банк, тұрғын үй-коммуналдық, медициналық, туристік, көлік қызметтері салаларына таратуды ұсынды. Осы мәселені қарау қажеттілігін комитеттің мемлекеттік сатып алу шеңберінде 2020 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де көрсетіп отыр, тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтердің неғұрлым проблемалық салалары медициналық көрсетілетін қызметтер болып табылады. Сұралғандардың 46%-ы осы салаға қанағаттанбайды. Одан кейін көлік қызметтеріне халықтың 43%-ының көңілі толмаған. Үшінші, білім беру қызметтеріне сұралғандардың 42%-ы осы салаға қанағаттанбаған. Сонымен қатар сұралғандардың 36%-ы байланыс қызметтеріне жақсы баға бермеген", – деді комитет басшысы.
Сондықтан комитет басшысы аталған саланы қаржыландыру мәселелерін заңды түрде реттеуді, электронды сауда алаңдары арқылы тауарларды төлеу кезінде алдау мен алаяқтықты болдырмау тетігін құруды, қоғамдық бақылау тетігін кеңейтуді, 2010 жылға дейін болған тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу институтын қайтаруды ұсынды.
Құралай Құдайберген