Тұтынушылардың қарызы болғанына қарамастан коммуналдық қызметтер үздіксіз көрсетіледі

761

Жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды.

Тұтынушылардың қарызы болғанына қарамастан коммуналдық қызметтер үздіксіз көрсетіледі

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне коммуналдық қызметтерді тоқтатпауға кеңес берді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың қарызы болса да, тұтынушыларға көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтер көрсетіле бермек. Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды. Егер де табиғи монополиялар субъектілері заңсыз әрекетке барып, өз құзіреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, 8 72 533 4-25-33 телефон нөміріне хабарласып, шағымыңызды қалдыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу