Тұтынушылардың құқығын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілді

921

Тұтынушылардың құқығын қорғау тетігін жетілдіру қажет. Бұл үшін омбудсмен институты құрылуға тиіс. Үкімет басшысы Асқар Мамин өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұтынушылардың құқығын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілді

"Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру тұтынушылардың құқығын қорғау деңгейін арттырумен тығыз байланысты. Тұтынушылардың құқығын қорғау деңгейі адал және бәсекелес кәсіпкерлікті дамытудың индикаторы болып табылады. Өз құқығына сенімді тұтынушылар сапалы тауарға, жұмыс пен қызмет көрсетуге белсенді сұранысты қамтамасыз етеді. Бұл экономиканы дамытудың құрамдас бөлігі болып табылады", – деді Асқар Мамин.

Бұдан кейін ол пандемия кезеңінде электронды сауда қызметіне сұраныс артқанын айтты. 

"Тұтынушылар құқығының бұзылуына жол бермеу үшін құқықтық нормаларды одан әрі жетілдіру қажет. Былтыр заңнамаға түзету енгізіліп, үкімет жанынан ведомствоаралық кеңес құрылды. Нәтижесінде тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Омбудсмен институты тиімді басқарудың заманауи моделінің ажырамас бөлігіне айналды. Көптеген елдердің тәжірибесі тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу қажеттігін айғақтайды. Оның міндеті тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету болмақ. Бұл норма әзірленіп жатқан "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" жаңа редакциядағы заң жобасында жазылады. Жалпы осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмысты қолдаймын", – деді үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу