Тұтынушылардың құқығын қорғау бір терезе арқылы іске асады

1188

Ақпараттық жүйе egov.kz ішіне топтастырылады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау бір терезе арқылы іске асады

Тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін бір терезе қағидаты іске қосылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мәжілісте тиісті заң жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның пайымдауынша, портал ретіндегі ақпараттық жүйе egov.kz ішіне топтастырылады. Ол жерде арызданушының өтініші мен аты-жөні, жауапты тарап та көрсетіледі. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін ақпараттық жүйе өте қажет. Себебі, біздің тұрғындардың дені құқы бұзылса ешқайда шағымданбайды. Келеңсіз жағдайға тап болғандардың тек 11 пайызы ғана мемлекеттік органдарға арызданады екен. Тұтынушылардың құқықтары қандай жағдайларда көп бұзылады? Тұтынушы құқығы бұзылған кезде не істеуі тиіс? 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу