Тұтынушылардың шағымын қараудың 3 сатылы жүйесі құрылды

677

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ел азаматтарының арасында тұтыну мәдениетінің артып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұтынушылардың шағымын қараудың 3 сатылы жүйесі құрылды

"Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі заңнамаға былтыр енгізілген түзетудің нәтижесінде үкімет жанынан ведомствоаралық кеңес құрылды. Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік бақылау жүргізу функциясы берілді. Тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту нормасы енгізілді", – деді министр. 

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, тұтынушылардың шағымын қараудың 3 сатылы жүйесі құрылды. 

"Биыл 1 қаңтардан бастап Е-tutynushy ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жыл сайын Сауда және интеграция министрлігіне тұтынушылардан келіп түсетін өтініштердің саны артып келеді", – деді министр. 

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, министрлік 2019 жылы 6 мыңға жуық өтінішті қараса, 2020 жылы өтініш саны 21 мыңға жетті. 

"Биыл 10 айдың көрсеткіші өткен жылдың көлемінен асып түсті. Осы мәліметтер салада мәселе бар екенін ғана емес, тұтынушылық мәдениеттің біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу